06.11.2025, 11:48
Жаңалықтар
Ақмола облысында ондаған шетел азаматы құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары 35 шетел азаматын эвакуациялады
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Ақмола облысында Өзбекстанның ондаған азаматы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бурабай ауданына қарасты Баянбай ауылының маңында Астана-Петропавл бағытындағы рейстік автобус бұзылып, жолда қалды. Жүргізуші көмек сұрап құтқарушыларға хабар берді.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан барлық жолаушыны эвакуациялады. Олар теміржол вокзалына жеткізілді.
Барлығы 35 адам эвакуацияланды. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары екен. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды