1-27 маусым аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды
Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды. Бұл үш айлық нормамен пара-пар. Ал кеше, 27 маусымда 1 тәуліктің үшінде 39 мм жауын жауды. Ал бір айлық норма 37 мм құрайды», - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» мәліметінше, шілде айында елордада +23+33 градус ыстық болады.