Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның 8 облысындағы тасжолдарда ауа райы күрт нашарлайтыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 қараша күні Ақмола, СҚО, ШҚО, Қостанай, Жетісу, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.
«Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.