$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар жауып, бұрқасындатады: 6 қарашада ауа райы қандай болады

Жолдарда көктайғақ болады

Қар жауып, бұрқасындатады: 6 қарашада ауа райы қандай болады
Фото: © freepik.com

Қазақстанның басым бөлігінде 6 қараша күні ауа райы құбылмалы болады —қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі, кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі және көктайғақ болады. Бірқатар өңірде аяз сақталады, ал оңтүстік пен батыста ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –8…–10°, күндіз –2…0°.

Ақмола облысында қар жауады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15–20 м/с, шығыста 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –5…–10°, күндіз –4…+1°.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –4…–9°, шығыста –14°, күндіз –3…+2°.

Қостанай облысында батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, порывы 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–6°, күндіз –1…+4°.

Павлодар облысында түнде батысында қар жауады, күндіз қар жауады, батыс және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –10…–15°, күндіз –3…–8°.

Қарағанды облысында батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде қар жауады, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –11…–16°, оңтүстігінде –8°, шығыста –20°, күндіз –2…–7°, шығыста –10°.

Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –5…–10°, күндіз –1…–6°, батыс және орталықта +2°.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік, шығыс және оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады, кей жерлерде 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –8…–13°, шығыста –18°, оңтүстігінде –4°, күндіз –4…+1°, шығыста –8°.

Абай облысында түнде оңтүстігінде және орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады, күндіз батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, түнде оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, ортасында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –11…–16°, оңтүстігінде –7°, күндіз –5…0°.

Алматы облысында түнде шығысында қар жауады. Оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –5…–10°, тауда –13…–18°, күндіз –2…+3°, тауда –5…–10°.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 2–7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз 0…+2°.

Жетісу облысында таулы аудандарда қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, Алаккөл көлдері аудандарында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –3…–8°, тауда –13…–18°, күндіз 1–6°, тауда –5°.

Жамбыл облысында түнде тауларда қар жауады. Оңтүстігінде және тауда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, тауда екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –3…–8°, солтүстігінде және тауда –13°, күндіз 0+5°, солтүстігінде және тауда –3°.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстігінде, батысында және тауда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –4…–9°, солтүстігінде және тауда –12°, күндіз +5+10°, солтүстігінде және тауда +2°.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз +5+7°.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –5…–10°, күндіз +2+7°.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…–8°, күндіз +1+6° жылы.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 7–12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –3…+2°, күндіз +5+10°.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –2…+3°, шығысында –5°, күндіз +5+10°.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+5°, солтүстік-шығысында –3°, күндіз +8+13° жылы.

 

Серіктес жаңалықтары