Италияның әйгілі «Интер» клубы әлеуметтік желіде қазақ тілінде жазба жариялады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Бүгін «Интер» мен «Қайрат» арасындағы матч өтеді

Фото: Видеодан скрин

Италияның әйгілі «Интер» клубы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Италиялық команда Қазақстанның «Қайрат» футбол клубымен болар ойынның алдында Instagram парақшасында қазақ тілінде жазба жариялап, Диего Симеоненің «Миланға» қарсы соққан голын жариялады.

«Симеоне дербиде нақтылық пен қабілетке толы гол соқты. Осындай контент үшін фоллай бас», – деп жазды италиялық ұжым ресми парақшасында.

Ерекше айта кетерлігі, видеоның фонына қазақстандық әншінің әнін жариялаған.

Айта кетейік, «Интер» мен «Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Милан қаласындағы «Джузеппе Меацца» стадионында кездеседі. Матч Қазақстан уақыты бойынша түнгі сағат 01:00-де басталады.