Синоптиктер сәрсенбі күні ел қалаларынде ауа райы қандай болатынын болжады
«Қазгидромет» РМК 5 қарашаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде −13…−15°C, күндіз −6…−8°C.
Алматыда ауа райы бұлтты болады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) түседі. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде және күндіз −1…−3°C, күндіз төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −3…−5°C, күндіз +3…+5°C.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с. Температура түнде −6…−8°C, күндіз +1…+3°C.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде −8…−10°C, күндіз −2…−4°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған қар жауады. Солтүстік және солтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −11…−13°C, күндіз −7…−9°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Температура түнде −12…−14°C, күндіз −4…−6°C.
Қонаевта ауа райы көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −1…−3°C, күндіз +1…+3°C.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Температура түнде −12…−14°C, күндіз −2…−4°C.
Қызылордада аздаған бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −6…−8°C, күндіз 0…+2°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −12…−14°C, күндіз −8…−10°C.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Температура түнде −11…−13°C, күндіз −3…−5°C.
Семейде ауа райы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады. Солтүстік және солтүстік-батыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде және күндіз −5…−7°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Температура түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C.
Таразда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ боладыі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −1…−3°C, күндіз 0…+2°C.
Түркістанда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −4…−6°C, күндіз +4…+6°C.
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде −0…−2°C, күндіз +4…+6°C.
Өскеменде ауа райы бұлтты, қар жауады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде және күндіз −5…−7°C.