Қазақстанда доллар құны 522 теңгеге дейін түсті

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банктің ресми бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 522,49 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 5,42 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің ресми бағамы 4 қарашадағы жағдай бойынша 528,31 теңгені құрайды.

Kurs.kz порталының мәліметінше, қазіргі уақытта:

  • Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 524,73 теңге, сату бағамы – 527,23 теңге;
  • Астанада долларды орта есеппен 522,58 теңгеден сатып алып, 529,58 теңгеден сатады;
  • Шымкентте сатып алу бағамы – 524,87 теңге, сату бағамы – 527,04 теңге.