Ұлттық ұлан сотталғандарды түрмеге дейін тым қымбатқа тасып жүрген

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады

Фото: freepik.com

Бас әскери прокуратура Ұлттық ұланның сотталғандарды ары-бері тасуға арналған шығындарын едәуір азайтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бас әскери прокуратура сотталғандар мен қамаудағыларды тасымалдау үшін арнайы теміржол вагондарын қымбатқа жалға алып жүрген. Соңғы бес жылда тасымалдау қызметінің құны төрт есеге өскен, бұл жалпы тасымалдау шығындарының айтарлықтай артуына әкеп соқтырған», - деп хабарлайды Бас әскери прокуратура.

Құзырлы органның тексерісінен кейін Ұлттық ұлан жалдау шарттары мен тасымалдау бағыттарын өзгертіп, биыл 300 миллион теңгені үнемдеген.