02.11.2025, 17:23
Жаңалықтар
«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты ескерту жасады
Батыс Қазақстан облысында ауа райы бұзылады
Фото: © istockphoto.com
«ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Сонымен қатар Орал қаласында бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Осы ретте акционерлік қоғам жол жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға шақырды.
Айта кетсек, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» Абай облысының жүргізушілеріне ескерту жасаған болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды