$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

Компания ауа-райының қолайсыздығын ескеруді сұрады

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» Абай облысы жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолда мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ұлттық компания 1 қараша күні сағат 20:00-ден 5 қараша күні сағат 20:00-ге дейін аймақта дауылдық ескерту жарияланғанын құлағдар етті.

«4 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіліп отыр. 5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады», – деп хабарлады Ұлттық компания.

Ведомство хабарлағандай, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 5 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» тұрғындардан жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары