$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жол апаты болып, бес адам ауруханаға жеткізілді

BMW жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен

Алматыда жол апаты болып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Фото: © istockphoto.com

Алматыда Әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысып, бес адам жарақат алды. Оқиға 31 қазан күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

BMW жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен

Полицияның мәліметінше, апат Бостандық ауданында сағат 22:50 шамасында болған. BMW маркалы көліктің жүргізушісі шығыс бағытта қозғалып келе жатып, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ол алты автокөлікпен соқтығысқан.

Бес адам ауруханаға жеткізілді

Жол апаты кезінде бес адам түрлі дене жарақаттарын алып, медициналық көмекке жүгінген.

«Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Тергеу жүріп жатыр

Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған, апатқа себеп болған жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары