$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетау тұрғыны балағат сөз айтқаны үшін көршісін сотқа берді

Көкшетау соты дауға нүкте қойды

Көкшетау тұрғыны балағат сөз айтқаны үшін көршісін сотқа берді
Фото: istockphoto.com

Көкшетау қалалық соты көршісін балағаттады деп айыпталған ер адамды кінәсіз деп тапты. Сот ер адам әдепсіздік танытпаған деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Не жағдай болған?

Көкшетау тұрғыны М. жеке айыптау тәртібімен сотқа жүгініп, көршісі П. оны әдепсіз түрде балағаттағанын айтып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

Сот М.-нің ұялы телефонына және үйдің бақылау камерасына түсірілген бейнежазбаларды зерттеді.

Сот шешім шығарды

Қылмыстық коекстің 131-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қорлауға басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту әрекеті (әдепсіз, боқтық сөздер айту) жатады.

«М. көрсеткен сөздер әдеби тілде қолданылады, орыс тілінің сөздіктерінде бар, жағымсыз пікірлер мен теріс қасиеттерді сипаттайды, бірақ әдепсіз сипатқа ие емес, сондықтан қорлауға жатпайды», - деп түсіндірді сот.

Сот үкімімен П. кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақталды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары