Алматыда сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алуға шектеу енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Енді кейбір дәрілер бір адамға 2-3 данадан артық сатылмайды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді сатып алуға шектеу енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өткен және осы аптада дәрі-дәрмекке сұраныс жоғары болды. Адамдар өзін-өзі емдеумен айналысып жатыр. Бір адамға 2 дана парацетамол керек болса, ол келіп бірден 20-сын сатып алады. Сондықтан қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді бір адамға 2-3 данадан артық сатпау керек деген шектеу қойып отырмыз», - деді Заңғар Сәлімбаев.

Оның айтуынша, бұл шектеу медициналық маскаларға деген сұраныс артып кеткенде енгізілген ережеге ұқсас.