$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ағайынды Сабырхандарды әкесі қуып жүріп қамшымен «сабады» (ВИДЕО)

Видеодан чемпиондардың әкесі қамшы алып, ұлдарын қуа бастағаны көрінеді

Ағайынды Сабырхандарды әкесі қуып жүріп қамшымен «сабады» (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud/

Қазақстанның танымал былғары қолғап шеберлері Махмұд пен Төрехан Сабырханның әкесі ұлдарын ерекше тәсілмен жаттықтырып жүргені жайлы видео желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желісінде бауыры, 70 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырханмен бірге өткізген жаттығу видеосын жариялады.

«Видеодан олардың әкесі жаттығу кезінде екі қолына қамшы ұстап, ұлдарын қуа бастағаны көрінеді. Ал Төрехан мен Махмұд бұл сәтті күліп, әзілмен қабылдап, әкесінен қашып-пысып жүреді», - деп жазды портал.

Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілігі оны «ерекше мотивациялық жаттығу» деп бағалады.

Еске сала кетейік, Төрехан Сабырхан биыл алғаш рет Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Финалда ол 2021 жылғы әлем чемпионы, жапон боксшысы Севон Окадзаваны 3:2 есебімен жеңді.

Ал оның ағасы Махмұд Сабырхан биыл екінші рет әлем чемпионы атанды. Сол Ливерпульде өткен жарыста ол финалда испаниялық Рафаэль Лосано Серранодан басым түсіп, кезекті алтын жүлдесін иеленді.

Серіктес жаңалықтары