$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде 300 адамды баспанасыз қалдырған құрылыс компанияларының иелері 10 жылға сотталды

Ақтөбе облысында үлескерлердің құқықтарын қорғау бағытында 6 млрд теңгеден астам залал анықталды

Ақтөбеде 300 адамды баспанасыз қалдырған құрылыс компанияларының иелері 10 жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, өңірде 12 проблемалық үлестік құрылыс нысаны анықталған. Бұл нысандар бойынша 797 жәбірленуші тіркелген, ал келтірілген жалпы залал көлемі 6,1 млрд теңге, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мысалы, «АлашОрда-1» тұрғын үй кешені мен «Aviator Premium» құрылыс жобаларының басшылары алаяқтық жолмен 200-ден астам үлескердің қаражатын иемденіп, 1,8 млрд теңгеден астам шығын келтірген.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 7 құрылыс компаниясының басшылары 11 нысан бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сот үкімімен «Safina.kz» және «СтройСервисРегион» тұрғын үй кешендерінің құрылыс салушылары 300-ден астам үлескердің қаражатын заңсыз иемденгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар прокуратура органдары азаматтық істер бойынша 413 үлескердің мүддесін қорғап, тұрғын үй сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару туралы 8 талап-арыз берген. Оның ішінде 6 талап-арыз қанағаттандырылып, 285 үлескердің құқығы қорғалды. Ал 3 нысан бойынша 128 үлескердің істері сот қарауында.

Аймақтық прокуратура тұрғын үй құрылысы кезінде азаматтардың қаражатын заңсыз тарту деректерін анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Барлық проблемалық нысандар облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары