28 маусымда бірнеше өңірде қатты жел соғады
Қазақстанның бес өңірінде 28 маусымда күшті жел мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда облысында батыс, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде күн күркірейді.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанайда таңертең және күндіз күн күркіреп, оңтүстік-батыстан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Петропавлда күндіз найзағай мен дауыл соғады. Солтүстік-батыс желі оңтүстік-батысқа ұласып, жылдамдығы 15-20 метрге дейін, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Көкшетауда күндіз батыстан және оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді деп болжады.