Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК 30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде ауа температурасы -6…0°C дейін төмендейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10…+17°C шамасында жылы болады. Астанада жауын-шашынсыз, күндіз +12…+14°C күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде жылы әрі көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында күн ашық, түнде +5…+10°C, күндіз +19…+25°C дейін жылы. Шымкент пен Түркістандакүндіз +21…+23°C болады. Тек Жамбыл мен Түркістан облыстарының таулы аудандарында түнде тұман түсіп, жұмсақ жел соғады.
Алматы, Жетісу және Алматы облыстарында құбылмалы ауа райы сақталады. Алматы қаласында түнде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз +15…+17°C. Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз +14…+19°C.
Еліміздің батыс өңірлерінде бұл күні жаңбыр басым болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе жәнеМаңғыстау облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман және жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында күн бұлтты, +9…+14°C, Атырауда +12…+14°C, Ақтауда +15…+17°C, Ақтөбеде +10…+12°C шамасында. Желдің екпіні кей аймақтарда 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.