Қаралы хабарды әншінің досы Бағлан Әбдірайымов жеткізді
«Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаевтың әкесі дүниеден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды әнші Бағлан Әбдірайымов жеткізді.
«Ердос досым, қайғыңа ортақпын! Қандай жақсы адам еді. Әмзехан көке, Алла жұмақ нәсіп етсін», - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып көңіл айтып жатыр.
Еске сала кетейік, тамызда Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өткен болатын. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.