Синоптиктер тұрғындарға ескерту жасады
Қазақстанда 27 қазанда Астана, Қостанай, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында ауа сапасының нашарлауына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеожағдай – желдің бәсеңдеуі, тұман немесе ауадағы инверсия сияқты табиғи құбылыстардың әсерінен зиянды заттардың жерге жақын қабатта жиналуына алып келеді. Мұндай жағдайда әсіресе ірі қалаларда атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына әсер етеді. Әсіресе тыныс алу жолдары және жүрек-тамыр аурулары бар адамдар үшін қауіп күшейеді.
Халыққа ұсыныстар:
Синоптиктер қолайсыз метеожағдай қалыптасқанда ауа райына қатысты жаңартылған ақпаратты үнемі бақылап отыруға кеңес береді.