Құжат ауаның ластануын азайтуға бағытталған
Алматыда ауаның ластануын азайтуға бағытталған жаңа экологиялық талаптар жобасы дайындалып жатыр. Құжат тамыз айында ашық талқылаудан өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қалалық экология басқармасының мәліметінше, мегаполистегі зиянды шығарындылардың 60%-ы автокөліктерге тиесілі.
Қалған бөлігі:
Жаңа құжат қала экологиясын жақсартуға арналған нақты қадамдарды қамтымақ. Атап айтқанда: кәсіпорындарды жаңғырту, таза отынға көшіру, зиянды заттардың ауаға тарауын қатаң бақылау, жеке сектордағы пештік жылытуға шектеулер енгізу мүмкіндігі.
Әзірлеушілердің есебінше, ережелерді жүзеге асыру Алматының экологиялық жағдайын айтарлықтай жақсартады.
«Таза ауа аймағы / Clean Air Zone» жобасы аясындағы сауалнамада тұрғындар көліктер саны азаймай, мәселе шешілмейтінін, экология — жұрттың жеке жауапкершілігімен байланысты екенін, таза ауа үшін тауға баруға мәжбүр екенін айтқан.
«Мәселені тек бірге әрекет еткенде ғана шеше аламыз», – деді қала тұрғындары.