Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, тұман түседі
26 қазан күні Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» мәліметіне сілтеме жасап.
Солтүстік, шығыс, оңтүстіктің таулы аймақтарында, орталық өңірлерде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Орталықта көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстік және шығыста жел күшейеді. Ал батыс пен солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз өтпек.
Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады:
Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Ұлытау облыстарында – ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.
Мамандар табиғи өрттердің алдын алу үшін: