Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты (ФОТО)

Автор: Дәулет Ботагөз

Рәсім барлық өңірде жалғасады

Фото: Ақорда

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың аспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.