Қазавтожол үш облыс жүргізушілеріне ескерту жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

25–27 қазан күндері Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының автожолдарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасына сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамына сәйкес, аталған өңірлерде:

  • жаңбыр соңы қарға ұласып,
  • жолдарда тайғақ пен көктайғақ болуы мүмкін.

Жүргізушілерге кеңес

Метеорологтар мен жол қызметтері жүргізушілерге:

  • жылдамдықты төмендетуді,
  • қашықтықты сақтауды,
  • көлік дөңгелектерін маусымға сай жабдықтауды,
  • ауа райы болжамын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.

«Қауіпті метеожағдай жолда басқаруды қиындатады. Сондықтан сақтық шараларын сақтаған жөн» — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.