Ауаның ластануы: синоптиктер 10 қала тұрғындарына ескерту жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Астанада, Алматыда және тағы 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: © istockphoto.com

Қазақстанның он ірі қаласында ауадағы зиянды қалдықтардың жиналу қаупі жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазгидромет» мәліметінше, 25 қазан күні келесі қалаларда қолайсыз метеожағдай күтіледі:

  • Алматы
  • Астана (түнде)
  • Қарағанды
  • Теміртау
  • Өскемен
  • Семей
  • Риддер
  • Ақтөбе
  • Ақтау
  • Атырау (түнде)

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Қолайсыз метеожағдай – желдің бәсеңдігі, тұман, инверсия сияқты құбылыстардың тоғысуы. Бұл атмосферада газдар мен шаң-тозаңның жер бетіне жиналуына себеп болады.

Дәрігерлер мен синоптиктердің кеңесі

Жаман ауа сапасы кезінде тұрғындарға:

  • көшеде болу уақытын шектеу
  • автожол маңында серуендемеу
  • үй-жайларды жиі желдету
  • маска пайдалану
  • өкпе, жүрек, аллергия дерті барлар дәрісін өзімен алып жүру ұсынылады.

Ауа ластануы — тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесіне қауіп төндіреді.