«Хит шығару оңай емес»: Әділет Жауғашар айлық шығыны 6 млн теңгеден асатынын айтты

Автор: Алмас Ерсін

Өнерпаз хит ән шығару үшін қомақты қаржы жұмсауға тура келетінін жасырмады

Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar/

Әнші Әділет Жауғашар «КЕШREC» бағдарламасында бір әнді шығарудың өзіне 1,5 млн теңгеге дейін шығын кететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Айлық шығыным 6 миллионнан асады. Ән жазуың керек, ол ән хит болу керек. Хит ән шығарамын деп жүріп қанша әнге шығын боласың. Бір әннің өзіне 1-1,5 млн теңге аралығында шығын кетеді. Одан да көп жұмсайтын әншілер бар», - дейді өнер иесі.

Еске сала кетейік, танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің 33 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізді. Әншіге сыйланған қымбат сыйлықтардың бірі көк циферблаты бар Rolex Datejust 41 сағаты болды.

Ашық деректерге сүйенсек, аталған үлгідегі сағаттардың бағасы шамамен 9 100-12 000 еуро аралығында (шамамен 5,6 млн – 7,5 млн теңге) тұрады.