$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күзгі каникулды қалай қауіпсіз және тиімді өткізуге болады

Мектеп каникулы 27 қазаннан басталады

Күзгі каникулды қалай қауіпсіз және тиімді өткізуге болады
Фото: istockphoto.com

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталды. Оқу-ағарту министрлігі күзгі демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы

Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізіледі. Кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Виртуалды экскурсиялар мен онлайн жарыстар

Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңес беру іс-шарасын ұйымдастыру маңызды.

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру үшін балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу көзделген.

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақыру арқылы тәрбие жұмыстары және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңес беру іс-шарасын ұйымдастырады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 27 қазаннан басталып 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.

Серіктес жаңалықтары