Батыс Қазақстанда екі қыз зорланды: прокуратура мәлімдеме жасады

Автор: Алмас Ерсін

Қадағалаушы орган өкілдері полиция мен әкімдік әрекетсіздік танытты деп есептейді

Фото: istockphoto.com

22 қазанда кеңейтілген алқа отырысында Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Құстанов Тасқалада бес жасар қыз бен Оралда он жасар мектеп оқушысын зорлауға қатысты жаңа ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Уральская неделя» порталына сілтеме жасай отырып.

Бірінші трагедия 22 тамызда болды. Екіншісі 29 қыркүйекте «Жәңгір хан» сауда орталығының жанындағы орман алқабында болды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті екінші баланың зорланғаны туралы ақпаратты қоғам мен БАҚ-тан жасырған.

Прокурордың орынбасары Тасқаладағы учаскелік полиция қызметкерінің әрекетсіздігі туралы хабарлады. Оның айтуынша, қызметкердің салғырттығы баланы зорлады деп айыпталған ер адамға көшеде ашықтан ашық алкоголь ішіп, сол күні қылмыс жасауға мүмкіндік берген.

«Көптеген мектепке баратын жолдар қауіпсіз емес. №20 орта мектептің жанындағы орман алқабы полиция мен Зачаганск әкімшілігінің қарауынсыз қалды. Полиция қызметі алқапты патрульдемеген, жарық тартылған жоқ, орман алқабындағы өскіндер тазартылмаған», - деп атап өтті прокурордың орынбасары.

Айта кетері, №20 орта мектепке баратын жол 10 жасар оқушыға қатысты оқиғадан кейін ғана өскіндерден тазартылды. Сол кезде ата-аналар оқушыларға қауіпсіз жол салып беруді қала билігінен төрт жыл бойы сұрап келгенін мәлімдеді.

Бірінші іс бойынша бұрын сотталған ер адам күдікке ілінді. Жергілікті тұрғындар әйелдің бойдақ екенін және қайғылы оқиға болған күні күдіктімен бірге ішімдік ішкенін айтады. Зардап шеккен қыз ауыр халде Оралдағы ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалды.

Екінші оқиға да әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде резонанс тудырды. Желіде 29 қыркүйек күні кешке Зачаганск шағын ауданында белгісіз ер адамның мектеп оқушысына тап бергені туралы ақпарат шықты.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, қызды ұрып-соғып, зорлап, орман алқабына тастап кеткен. Жәбірленуші аман қалып, ата-анасымен хабарласқан.