Алмат Сақатов «Бауыржан шоу» тарағаннан кейін «қораға кірген» актерлердің атын атады

Автор: Алмас Ерсін

Актердің айтуынша, ол кезеңде шығармашылық тоқырау оны қатты күйзеліске түсірге

Фото: instagram.com/sakatovalmat/

«Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасының қонағы болған актер Алмат Сақатов 10 жыл бұрын «Бауыржан шоу» жабылған кездегі қиын кезеңді еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«180-мен келе жатқан көлік кілт тоқтап қалса қалай болатынын ойлап көріңіз. Біз жан-жаққа ұшып түсіп, маңайымызға қарадық, маңайда ештеңе жоқ. Бәрі өтіп жатыр, ал біз ешкімге міне алмаймыз. Не театрға бара алмаймыз, өйткені эстрадада жұмыс істедік. Кино ол кезде дами қоймаған. Өнер жоқ, сахна жоқ, халық жоқ. Той бар, ақша бар. Бірақ ішіңде жиналған нәрсені шығарып беретін орын жоқ. Сол кезде бәріміз «қораға кірдік». Әбунасыр да, Нұрбек те, Қуандық та қиын жағдайда қалды. Құдайға шүкір, қазағымның киносы дамып, өзімізді көрсеттік, басында осыны жасай аламын ба, ойнай аламын ба деген уайым болды», - дейді Алмат Сақатов.

Актердің айтуынша, ол кезеңде шығармашылық тоқырау оны қатты күйзеліске түсірген.

«Егер ол кезде қазіргідей немерелерім жанымда болғанда мұндай күйзеліске түспес едім. Өйткені құндылық деген бар. Немере деген ол сенің жалғасыңның жалғасы. Ол факті. Оған назар салуға болады. Ол сенің қуанышың, ол сенің болашағың, ол сенің үмітің», - деп түйіндеді ол.