Германия азаматы жауапкершілікке тартылды
Көлік полицейлері Франкфурт – Астана әуе рейсінде тәртіп бұзған мас шетел азаматын жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасап.
Франкфурт – Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келген соң, ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған шетел азаматы акт бойынша әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.
«Көлік полицейлері 48 жастағы Германия азаматының ұшақта алкогольдік мас күйде болғанын, агрессивті мінез-құлық танытып, балағат сөздер айтып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбағанын анықтады», - деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, атап айтқанда:
Полиция әуе кемелерінде және көлік инфрақұрылымы нысандарында тәртіп сақтау әрбір адамның азаматтығына қарамастан міндеті екенін ескертеді. Қоғамдық тәртіпті бұзу жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне қатер төндіреді және Қазақстан заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.