$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Жолдарды 23 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

Павлодар және Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

22 қазанда сағат 22:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Атамекен – Ертіс – Русская Поляна» 0-152 шақырым, (Атамекен ауылы - Ертіс ауылы) учаскесінде және республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» 191-390 шақырым, (РФ шекарасы - Мичурино ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 23 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

«Сондай-ақ Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (тұман, көрінудің шектелуі) Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы тасжолының 140-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді», - деп жазылған хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.     

Серіктес жаңалықтары