Дзюдошы Instagram парақшасындағы stories бөлімінде сурет жариялады
Париж Олимпиадасының чемпионы, Токио ойындарының қола жүлдегері Елдос Сметов өзіне сыйға берілген автокөлікті 45 млн теңгеге сатпақшы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі дзюдошы Instagram парақшасындағы stories бөлімінде көлігінің суретін жариялап, оны сататынын хабарлады. Спортшы жазбасында: «Жұғысты болсын!» – деп, болашақ иесіне сәттілік тіледі.
Сметов сатып жатқан көлік – Mercedes AMG GLE маркалы автомобиль екені анықталды. Бұл темір тұлпарды оған 2024 жылы Париж Олимпиадасындағы алтын медальдан кейін Динара Сәтжанның жұбайы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйға берген.
Елдос Сметов көлікті 45 миллион теңгеге бағалап, жедел сатылымда тұрғанын мәлімдеді.
Олимпиада чемпионының бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оның бұл қадамын «прагматикалық әрі орынды шешім» деп бағаласа, кейбір жанкүйерлер спортшының көліктен не себепті бас тартқанын білуге қызығушылық танытты.