Үшінші санаттағы елдерге әзірге ұшуға тыйым салынған
Қазақстан бірқатар мемлекеттерге тұрақты әуе рейстерін жандандырды. Бұл жөнінде ҚР ДСМ транспорттағы бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
«Қазақстан бірінші және екінші санатқа жатқызып келген бірнеше елмен әуе рейстерін ашады. Бірінші санаттағы елдерге қосымша Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия жатқызылды. Бірінші санат елдерінен келген азаматтарға шектеу жоқ. Сонымен бірге алдында бірінші санат елдеріне Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия және Таиланд жатқызылған болатын», - деді ол жұма күнгі брифингте.
Ал екінші санатқа қосылған Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келгендердің қолында коронавирус тестінің теріс нәтижесі болуы тиіс. Ал ол болмаса, азамат 2 тәулік ішінде ПТР-тест өтуге міндетті болады немесе 14 күнге үй карантиніне жабылады. Анықтама 5 тәулікке жарамды. Үшінші санаттағы елдерге қазірше ұшуға тыйым салынған. Ол жақтан келетіндердің де тест нәтижесі теріс болуы керек.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан