$ 538.56  625.65  6.62
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы университетке қатысты заңсыз тексеріс тоқтады

Елорда прокуратурасы осылайша инвесторлардың құқығын қорғаған

Астанадағы университетке қатысты заңсыз тексеріс тоқтады
Фото: gov.kz

Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттік органдар тарапынан инвесторларға көрсетілген заңсыз қысымның жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, прокуратура инвесторлардың мүддесін қорғауды күшейтіп, «прокурорлық сүзгі» тетігін белсенді қолданады. Бұл механизм мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты тексеру жүргізу, тыйым салу немесе әкімшілік іс қозғау сияқты шешімдер қабылдауына дейін прокурордың келісімін алуды міндеттейді.

Жыл басынан бері елорда прокуратурасы мемлекеттік органдардың 34 заңсыз шешіміне қатысты келісім беруден бас тартқан, оның ішінде 5 тексеру, 6 әкімшілік іс, және 23 біржақты шарт бұзу әрекеті бар.

Мәселен, уәкілетті орган прокурордың келісімінсіз «Astana IT University» ЖШС-на қатысты тексеріс тағайындаған. Бұл шешім прокуратураның араласуымен жойылып, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокурордың келісімінсіз қозғалған инвесторларға қатысты 8 әкімшілік іс қаулысы да прокуратураның наразылығымен жойылған.

Елорда прокуратурасы атап өткендей, мұндай шаралар бизнесті дамыту мен инвестиция тарту үшін қауіпсіз және тұрақты құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары