$ 538.12  627.02  6.65
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады

Еліміздің батысында ғана аздаған жаңбыр жауады деп болжанып отыр

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады
Фото: Әсет Құндақбаев

Сейсенбі, 21 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Республиканың батыс облыстарында ғана аздаған жаңбыр жауады, тұман түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с жел болады. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +10...+12°C.

Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан жылдамдығы 9–14 м/с  жел соғады.  Температура түнде -2...-7°C, шығыста -10°C, күндіз +7...+12°C.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, тауларда 3 градус аяз, күндіз 15-20 градус, тауларда 10 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз -17-19 градус жылы болады.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Алакөл маңында оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 16-21 градус, тауларда 12 градус жылы болады.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауады. Түнде және таңертең тұман түеді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 9-14 градус жылы болады.

Атырау облысында күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 12-14 градус жылы болады.

Маңғыстау облысының батысы мен шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы, күндіз 7-12 градус жылы, оңтүстікте 15 градус жылы болады.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 4-9 градус, оңтүстік-батыста 12 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7° аяз, оңтүстікте 3° жылы, күндіз 6-11° жылы, оңтүстікте 15° жылы болады.

Қарағанды ​​облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-5° жылы, шығыста 3° аяз, күндіз 8-13, оңтүстікте 16° жылы болады.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3° аяз – 2° жылы, күндіз 7-12, оңтүстік-шығыста 15° жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы, күндіз 7-12, оңтүстікте 17 градус жылы болады.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-6 градус аяз, күндіз 9-14, оңтүстікте 17 градус жылы болады.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, тауларда 1 градус аяз, күндіз 16-21, тауларда 13 градус жылы болады.   

Серіктес жаңалықтары