21.10.2025, 06:47
Жаңалықтар
Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 26,3 млн тонна астық бастырылды
Жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды
Фото: istockphoto.com
Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек:
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл,
- гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп,
- гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда,
- 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат,
- 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз,
- 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық көлемде астық жиналғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды