$ 535.83  624.94  6.69
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Трос үзіліп кеткен»: Астанада мүмкіндігі шектеулі әйел сот ғимаратының пандусынан құлап кетті (ВИДЕО)

Әйел 70-80 сантиметрден құлаған 

«Трос үзіліп кеткен»: Астанада мүмкіндігі шектеулі әйел сот ғимаратының пандусынан құлап кетті (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Астанадағы сот ғимаратының алдындағы пандуста оқыс оқиға болды: арбаға таңылған әйел арнайы пандус арқылы ғимаратқа кірмек болғанда, трос үзіліп, әйел адам арбасымен бірге құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Патриот» Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем келген Зардап шеккен әйел ауруханаға түскені хабарланып отыр. 

Дереккөзге сүйенсек, мертіге жаздаған әйелдік аты - Зилейха Сафарова. Бұған дейін ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында жұмыс істеген және сол жұмысында жүріп, омыртқасын сындырып алған. Қазіргі уақытта Сафарова I топтағы мүгедек, ол сот арқылы бұрынғы жұмыс берушіден өтемақы өндіру ісін жүргізіп жүр. Оқиға болған күні ол кезекті сот отырысына келген еді.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Лифт көтеріліп келе жатқан кезде трос үзіліп, соның салдарынан сот отырысына келген әйел шамамен 70–80 сантиметр биіктіктен құлап түсті. Сот приставтары дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Әйел ауруханада,  есін біледі», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Оқиға орнына «Капитал Лифт» ЖШС қызмет көрсетуші компаниясының өкілдері келген. Алдын ала деректерге сәйкес, оқыс жағдайға трос себеп болған.

«Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында Есіл ауданының полиция қызметкері тексеру жүргізді. Департамент бұл туралы дереу полиция органдарына хабарлама жіберді. Жағдай соттың бақылауында», – делінген ресми ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары