$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау тұрғындары балалар алаңы үшін ағаш кесуге қарсы шықты

Бұл аумақ ауданның көгалданған санаулы бөліктерінің бірі болған

Ақтау тұрғындары балалар алаңы үшін ағаш кесуге қарсы шықты
Фото: lada.kz

Ақтау қаласының 1-ықшам ауданындағы тұрғындар №33 үй маңында ағаштардың кесілуіне қарсы шықты. Олардың айтуынша, жасыл желек жаңа балалар ойын алаңының құрылысы үшін жойылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Көлеңке мен тыныштық жоғалды»

Куәгерлердің сөзінше, бұл аумақ ауданның көгалданған санаулы бөліктерінің бірі болған.

«Мұнда әрдайым көлеңке болатын, құстардың дауысы естілетін. Жазда серуендеуге өте ыңғайлы еді. Енді бәрін сүріп жатыр. Бірі ағаш отырғызса, енді бірі кесіп жатыр», – дейді тұрғындардың бірі.

Жергілікті жұрт экологиялық акциялар мен көгалдандыру челлендждері өтіп жатқан уақытта мұндай шешімнің қабылдануын парадокс деп есептейді. Әлеуметтік желілерде қолданушылар «ағаш кесуге кім рұқсат берді және неге жоба қоғаммен келіспей жүзеге асырылды?» деген сұрақтар қойды.

Әкімдік түсіндірме берді: үш ағаш кесіліп, елуі отырғызылады

Ақтау әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәліметінше, жұмыстар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша 50-ден астам дауыс жинаған 10 жоба жүзеге асырылып жатыр.

«1-ықшам аудандағы балалар алаңы 33 үйдің ауласында салынып жатыр. Жоба аумағы үлкен болғандықтан және кей ағаштарды көшіру мүмкін болмағандықтан, үш ағаш кесілді. Қалғандары – бұталы өсімдіктер еді», – деді бөлім өкілдері.

Бөлім өкілдері сонымен қатар құрылыс аяқталған соң 50 жаңа ағаш отырғызылатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары