Маңғыстау облысында 90 келі марихуана жасырылған қойма табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тінту барысында бұрын істі болған екі әйел ұсталды

ФОТО: Маңғыстау облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан

«Көкнар-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында салмағы шамамен 90 келі болатын марихуана табылды, - деп хабарлайды «Azattyq ruhy» тілшісі.

Маңғыстау облысы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында бұрын сотты болған 39 жастағы  К. және 44 жастағы Б. есімді  әйелді ұстады. Қызметтік іздестіру иттерімен тінту жүргізу барысында салмағы 88 келі болатын 7 қап марихуана табылды.  

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты  мүлкін тәркілеу мен алты жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы  қолданылуы мүмкін.