18.10.2025, 10:13
Жаңалықтар
Синоптиктер жеті қалада ауаның ластану қаупі бар екенін ескертті
Бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Фото: pixabay
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы төмендеп, зиянды қалдықтардың шоғырлану қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қай қалаларда ауа ластануы мүмкін
18 қазан күні Актөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен, Орал қалаларында және түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай – бұл қысқа мерзім ішінде атмосферада ауа алмасуының әлсіреуі немесе тоқтауы (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) нәтижесінде зиянды заттардың ауада жиналып қалуына әкелетін құбылыс.
Дәрігерлер мен құтқарушылардың кеңесі
Синоптиктер тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- ашық ауада ұзақ уақыт болмау;
- көлік жолдары мен өнеркәсіп нысандарына жақын жүрмеу;
- өкпе, жүрек-қан тамыр аурулары немесе аллергиясы бар азаматтарға дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ұстау;
- үй-жайларды жиі желдетіп, ауа тазалағыш құрылғыларды пайдалану.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды