$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жөтелге қарсы қауіпті сироптар анықталды: ДСМ түсініктеме берді

Үндістанда өндірілген үш сиропта қауіпті зат табылған

Жөтелге қарсы қауіпті сироптар анықталды: ДСМ түсініктеме берді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ескерткен Үндістанда өндірілген қауіпті жөтелге қарсы сироптар туралы хабарламаға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Үндістанда өндірілген үш сиропта қауіпті зат табылған

ДДСҰ мәліметінше, Үндістанда шығарылған COLDRIF, Respifresh TR және ReLife атты жөтелге қарсы сироптар құрамынан диэтиленгликоль ізі анықталған.

Бұл — улы химиялық қосылыс. Ол ауыр улануға және жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.

Көрсетілген препараттарды келесі компаниялар өндірген:

  • Sresan Pharmaceuticals
  • Rednex Remedies
  • Shape Pharma

Қазақстанда бұл дәрілер тіркелмеген

Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған сироптардың Қазақстан аумағында тіркелмегенін және елге әкелінбегенін мәлімдеді.

«Бұл дәрілердің ешқайсысы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сондай-ақ сәйкестік сертификаттары да берілмеген», — делінген ресми хабарламада.

Министрлік дәрілерді лицензиясы бар дәріханалардан алуға шақырды

Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы қазақстандықтарға дәрі-дәрмекті тек ресми, лицензияланған дәріханалардан сатып алу қажеттігін ескертті.

«Азаматтарға күмәнді көздерден дәрі сатып алмауға және аталған сироптарды қолданудан бас тартуға кеңес береміз», — деді орталық өкілдері.

Серіктес жаңалықтары