Солтүстік пен батыс өңірлерде қар жауады: сенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазақстанның солтүстігі мен батысында қар аралас жаңбыр жауады

Фото: freepik.com

«Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана мен Көкшетауда күн бұлтты, бірақ негізінен жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы -3…0°С, күндіз +8…+10°С шамасында болады.

Орталық және шығыс өңірлерде күн суытады. Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындакүн салқын болады. Түнде ауа температурасы -6…-10°С дейін төмендеп, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Күндіз +5…+10°С аралығында жылынады. Семей мен Өскеменде күн ашық, жауын-шашынсыз.

Батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Атырау мен Маңғыстау облыстарында күн ашық, түнде +5°С, күндіз +15…+18°С жылы болады.

Оңтүстікте жылы әрі жайлы ауа райы сақталады. Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Күндіз +18…+26°С дейін жылы, түнде 0…+8°С шамасында. Шымкент пен Таразда күн ашық, желдің екпіні баяу.