Геннадий Головкин пен Хабиб Нурмагомедов Дубайда кездесті

Автор: Асыл Арман

Олардың бірге түскен суреті әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: instagram.com/gmg_max

Кәсіби бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтан әлем чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында түсірілген суретті Геннадийдің бауыры Максим Головкин Instagram парақшасында жариялады. Суретке GGG, Хабиб және Eagle FC промоушенінің басшысы Шамиль Завуров бірге түскен.

Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметін атқарады және әлемдік әуесқой боксты қадағалайтын World Boxing халықаралық ұйымының олимпиадалық комиссиясын басқарады.