Дәрігерлер Диас Төлеудің қазасына қатысты мәлімет берді
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы футболшы Диас Төлеу ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Науқас жеткізілген кезде оның тамыры соқпай, қан қысымы болған жоқ, көзінің қарашықтары кеңейіп кеткен. Дәрігерлер 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізді. Алайда қолданылған шараларға қарамастан, аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Биологиялық өлім тіркелді», – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Футболшының нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатын болады.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жас футболшының матч барысында жағдайы күрт нашарлап, артынша көз жұмғаны хабарланған.