Бұл шара ішкі нарықты сұйытылған газбен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр
Энергетика министрі «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатта Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ пропан мен бутанды автокөлік және теміржол көлігі арқылы экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу көзделген.
Министрліктің мәліметінше, бұл шара ішкі нарықты сұйытылған газбен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Тыйым 2025 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енуі тиіс.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауына ұсынылған.