Балқашта 55 жастағы ер адам терең шұңқырға құлап кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Құтқарушылар 4 метрлік құдықтан ер адамды шығарды

Фото: pixabay

Балқаш қаласының Ә.Бөкейханов көшесінде 1970 жылы туған ер адам абайсызда тереңдігі 4 метр ашық құдыққа құлап түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына зардап шегушіні алып шығу үшін көмек қажет болды.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел оқиға орнына келіп, адамды құдықтан шығарып, дәрігерлерге тапсырды.

ТЖМ мынаны еске салады:

  • Техникалық люктерге жақындамаңыз, әсіресе қараңғы уақытта;
  • Ашық және зақымдалған құдықтар туралы 112 нөміріне хабарлаңыз.