Қалада рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың санын шектеу ұсынылды
Шымкент тұрғындары жаппай дәрі-дәрмек сатып алып жатыр. Қаладағы дәріханалар алдында ұзын-сонар кезек қалыптасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың санын шектеуді ұсынып отыр. Департамент өкілдерінің айтуынша, қала тұрғындары дәрілерді қор үшін сатып ала бастаған. Дәрі-дәрмектердің жоқтығынан халық шағымының көбеюіне байланысты департамент тарапынан мониторинг жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде дәрілік заттардың 77 түрінің бар екені анықталды.
«Ауру өршіп кетті. Сондықтан халық жаппай дәрі-дәрмек сатып алып қойып жатыр. Пандемия басталған кезде бетперде қымбаттады. Қазір де солай болып жатыр. Доллардың көтерілуіне байланысты көбінесе шетелден алып келген дәрілердің бағасы өсті. Бірақ мониторинг жүргізіп отырмыз», - деді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқымбаева.