Қайғылы оқиға Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде болды
Павлодар облысында Lexus RX 330 автокөлігі жол жиегіне аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, алдын ала мәліметтер бойынша, 16 қазан күні Баянауыл ауданының Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде, «Қалқаман-Керней» автожолында, Lexus RX 330 маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
«Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде ауа райы жағдайын ескеруді және көлік құралының техникалық жай-күйін бақылап отыруды ескертеді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.