Әнші Төреғали Төреәлінің туған күніне 7,5 млн теңгенің Rolex сағаты сыйға берілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оны әншінің әпкесі сыйлады

Фото: Instagram/farizatoreali

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі бірер күн бұрын өзінің 33 жасқа толған туған күнін дүркіретін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі туған күннен түсірілген сәттерді әлеуметтік желіде көрсетті.

Төреғали Төреәліге сыйланған қымбат сыйлықтардың бірі көк циферблаты бар Rolex Datejust 41 сағаты болды.

Ашық деректерге сүйенсек, аталған үлгідегі сағаттардың бағасы шамамен 9 100-12 000 еуро аралығында (шамамен 5,6 млн – 7,5 млн теңге) тұрады.

«Ағатайым Төреғали Төреәлі 33 жасқа қадам басып жатыр. Бұл күн әулетіміз үшін ерекше, шүкіршілікке толы күн болды», – деп жазды Фариза Төреәлі.