$ 539.56  627.35  6.84
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да көршісі жанып жатқан жер үйден екі кішкентай баланы аман алып қалды

Ол іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді сыртқа алып шықты

ШҚО-да көршісі жанып жатқан жер үйден екі кішкентай баланы аман алып қалды
Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО-ның Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында ер адам жанып жатқан жер үйден екі баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жеке тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарын және жеке заттарды шарпыған. Өрт болған кезде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған.

2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов, бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді сыртқа алып шықты.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды 45 шаршы метр аумақта ауыздықтады. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

«Менің орнымда кез келген ер адам дәл солай істер еді», – дейді Дмитрий асқан қарапайымдылықпен.

Серіктес жаңалықтары