«Келінге, ақсақалға сәлем»: Бауыржан Момышұлының Қонаевқа жазған хаты табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Хат 1966 жылы жазылған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Журналист Сырым Итқұлов Telegram-арнасында әйгілі Бауыржан Момышұлының 1966 жылы Дінмұхамед Қонаевқа жолдаған хаты жария болғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл – Қонаевтың КОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшелігіне кандидат ретінде сайланған жыл болатын.

«Дінмұхамед Ахметұлы! Сізді партиямыздың Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшелігіне кандидат болып сайлануыңызбен құттықтаймын! КПСС-тің XXIII съезі осылайша халқымызға зор мәртебе көрсетті.

Мен өз халқыммен және оның лайықты ұлымен мақтанамын – бұл тарихи факт.

Келінге, ақсақалға бізден сәлем!

Запастағы гвардия полковнигі, әскери жазушы», – делінген хаттың мәтініде.

Журналист Сырым Итқұловтың айтуынша, хатты Дінмұхамед Қонаевтың немере інісі, жазушы Мұхтар Әуезовтің шөбересі Димаш ұсынған.